Алматыда жарнама тақтасын орнату барысында бір жігіт тоқ соғу салдарынан қаза тапты



Мекеме ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 13-тамызда қаланың Түріксіб ауданындағы бір дүкенде болған. Қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан жарнама тақтасын орнату барысында 25 жастағы бір жігіт тоқ соғып қаза тапқан.