Алматыда жарылған су құбыры жөнделді


Бұл туралы "Бастау" МКК баспасөз қызметінің маманы Серік Шағыров айтты. Оқиға кеше кешкі 18.30-да Гоголь және Панфилов, Жібек жолы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орын алған.

"Магистраль құбырларының жарылғандығы туралы хабарлама бізге 11 наурыз күні сағат 18:40-та келіп түсті. Апат салдарын жою үшін оқиға орнына  2 жөндеу тобы аттанды. Түнгі сағат 22.45-те құбыр толығымен қалпына келтірілді. Жұмыс жүргізіліп жатқан кезде де тұрғындарға суық су беру тоқтатылған жоқ ", - деді С.Шағыров.