Алматыда жарылғыш зат қойылды деген ақпараты бар көлік табылды

ТЖМ ақпараты бойынша, 9 маусымда 09 сағат 25 минутта Алматының Медеу ауданында Фурманов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрған "Киа Шума" көлігінде "жарылғыш зат қойылды " деген хабарлама табылды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚР ІІМ "Арлан" бөлімшесінің саперлері жүргізген арнайы тексеру жұмыстары кезніде жарылғыш хат табылмады. Тергеуді одан әрі жалғастыру үшін көлік айып тұрағына жеткізілді.