Жүзеге асырылған жедел шаралардың нәтижесінде, қолдан жасалған жарылғыш қондырғы - қол гранатасына алынған соқпалы тетік орнатылып, электр өткізгіш сымға қосылған 15х20 см-лік көлемдегі екі қағаз қораптан тұратындығы анықталды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, жарылғыш қондырғы қауіпсіз жерге жеткізіліп, ҚР ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінің қызметкерлері оны залалсыздандырды. Жарылғыш заттың құрамды бөліктері Алматы қаласы Алмалы аудандық ІІБ-не табыс етілді.