Алматыда жарықсыз қалған аудандар электр қуатымен жартылай қамтамасыз етілді


 "Апат салдары жартылай жойылды. Жандосов, Жароков, Өтепов, Розыбақиев көшелерінің бойындағы үйлер мен Алмагүл ықшам ауданы əлі жарықсыз отыр", - деп РЭС-5 станциясының диспетчері хабарлады.
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС хабарлауынша, Бостандық жəне Алмалы аудандарының бір бөлігінің жарықсыз қалуына 4-ші қосалқы станциядағы апат себеп болған.