Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты

Оқиға орнына фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Видеода етпетінен жерде жатқан қызды көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.