Көрмеге суретші салған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, тәуелсіздігіміздің нышаны - «Алтын адам» бейнесі, «Қар барысы» және тағы басқа тақырыптық шығармалары мен туған өлкенің әсем көріністері, Қазақстан жайлы жұмыстары қойылған.
Аталған көрме өз шығармашылық жолына енді ғана аяқ басқан талантты суретшіні қолдау мен жас авторлардың туындысына жұртшылықтың назарын аудартып, жас таланттарды қолдау арқылы еліміздің мәдени әлеуетін сақтап, одан әрі дамыту үшін жағдай тудыру мақсатында жасалып отыр.
Шара Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, "Артек" жарнама агенттігі мен "Көркемөнер көрмелерінің және аукциондары дирекциясының" қолдауымен ұйымдастырылып отыр.