Базардағы саудагерлердің бірі күні бойы тапқан тиын-тебендерінің арасынан жасанды ақша тауып алған. Оның хабарламасы бойынша базарға келген "Боран" жасағы мен қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері саудагерге жасанды ақшаны беріп кеткен бір контейнер қожайынын ұстады.
Контейнерге жүргізілген тінту барысында тағы да бірнеше жасанды ақша купюралары табылды. Жалпы алғанда 5 мың теңгелік 12 купюра, 10 мың теңгелік алты купюра шықты.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.