Алматыда жасөспірімдер арасында шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионаты басталды


Спорттық шара «Сұңқар» халықаралық тау шаңғысы кешені аумағында өткізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасынан, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Алматы 32 елден келетін 570-тен астам спортшыны қабылдайды. Бұл спорттық шараға 560 ерікті тартылған және әлемнің 30-дан астам БАҚ өкілі аккредитацияланған.

Дүбірлі дода 1 ақпаннан бастап ойынның соңғы күні - 8 ақпанға дейін 240 миллион көрермені бар «Еуроспорт» телеарнасында тікелей эфирден берілетін болады. 

Жасөспірімдер арасында өтетін шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы 2 ақпан күн Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 20.00-де өтеді.