Алматыда жатақханада босанған студент сәбиін қоқысқа тастаған


Басылымның хабарлауынша, сәби қоқыстан таңғы сағат 6 шамасында, Төле би және Байтұрсын көшелерінің қиылысынан табылған. Кездейсоқ жүргінші бірден полицияға хабар беріп, артынша жедел жәрдем шақырған. Сәбидің кіндігі оралмаған екен.

Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары сәбидің анасын тауып алды. Ол 2-курста білім алып жатқан, Қызылорда қаласының тумасы болып шықты. Жағдайы тым нашар болғандықтан, бірден ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жас ана ешкімге айтпай өзі босанған. Ал сәбидің өмірін дәрігерлер құтқарып қала алмады.