Ұрымтал сәтті оңтайлы пайдаланған жедел топ лаңкестерге ұшақ ішінде тойтарыс берді. Бүгін құпия қызмет өкілдері осындай атыс-шабысқа толы сценарий желісімен дайындықтарын пысықтады. Онда арнайы жасақ лаңкестік топтың жолын кесті. Ал кепілге алынған 5 адам аман-есен құтқарылды. Бұл оқу-жаттығу күш құрылымдарының 2017 жылы Алматыда өтетін Қысқы Универсиада қарсаңындағы қызу дайындығы екен. Олар әлем спортшылары жиналатын шараның қауіпіздігін сақтауға сақадай сай.
Loading...