Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала BMW көлігінің астына түсті

Жол апаты "Алматы Аренаға" қарсы бетте Момышұлы көшесінің бойында орын алды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, стадионға қарсы бетте бір топ адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде Subaru Legacy, BMW және Toyota Mark 2 Момышұлы көшесінің бойында солтүстік бағытта қозғалып жатты.  

Toyota шеткі сол қатардан, Subaru шеткі оң жатқан тоқтады. BMW жүргізушісі солардың арасынан өтіп кетпек болды. Анықталмаған себептермен, жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, алдымен Subaru көлігіне соқтығысты, содан кейін Toyota-ға соғылды, сосын — жаяу жүргіншілерге. 

Жол апатынан бес адам зардап шекті: төрт жаяу жүргінші бала және BMW жүргізушісі. Олардың барлығын ауруханаға жатқызды. Алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін балалар үйлеріне қайтарылды. 


Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.