«Қауымдастық жазушының рухына арнап мемориалды тақта ашуды өз міндеті деп санады. Біз үлкен кітапхана аштық. Қорында 15 мыңнан астам кітап сақталған кітапхана Симашконың атында», - деп ескерткіш тақтаны ашу рәсімігде «Мицва» қауымдастығының президенті Александр Барон мәлім етті.
«Өткен жылы жазушының туғанына 90 жыл толды. Соған байланысты Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнату жөнінде шешім қабылдады», - дейдә Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттар басқармасы жетекшісі Мамай Ахет.