Алматыда жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге қарақшылық шабуыл жасалды

1949-жылы туған К есімді азаматшадан шапқыншылар 500 мың теңге салынған дорбаны, 1951-жылы туған П есімді азаматшадан 15 мың теңге және 250 долларды қорқытып тартып алған. Тарпа бас салушыларға қарсылық білдірмек болған бір әйелдің оң аяғынан қарақшылардың бірі автоматпен атып жіберген.

Алматы қалалық ІІББ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстап алды. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын 35 жастағы азаматтан Чехияда өндірілген "АГРАН-2000" тапанша -пулеметі мен оның 14 оғы бар оқшантайы, сондай-ақ, көздің тұсын ойып тастаған бетперде тәркіленді. Қылмыскерлер базарға мініп келген "Мазда-626" автокөлігінің жанынан Макаров тапаншасының 12 оғы, "ТТ" тапаншасының бір оғы мен "Парабеллум" тапаншасынан атылған оқтың гильзасы табылды.
Қазір күдіктінің шабуылға қатысушы сыбайластарының жасырынған жері мен аты-жөні анықталу үстінде.