Алматыда жеке меншік үйдің қабырғасы құлады

Үй қожайынының айтуынша, Алматыда таяуда болған жер сілкінісінен кейін оның қамыстан тұрғызылған үйінің бір қабырғасына сызат түскен. Үй қожайыны қабырғаны тіреп қойған көрінеді . Алайда бүгін таңертең үйдің қабырғасы құлап қалды. Бұл кезде үйде ешкім болмаудың арқасында бір адам да зардап шеккен жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 балдық жер сілкінісі Алматыда 24-маусымда тіркелген болатын.