Алматыда жекеменшік үйден өрт шықты

Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесі, 23а мекенжайында орналасқан үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама  20:03-те түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауға қарсы 5 арнайы техника мен 23 адам жұмылдырылды.

«Каркас пен қамыстан соғылған үйдің жылдам өртеніп кететіні белгілі. Абырой болғанда, қалалық өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде ауыздықтап үлгерді», - деді баспасөз қызметінен.