Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді

"Біз 28 қыркүйек, жексенбіде қалалық веложарыс өткіземіз. Қалада велосипедпен жүруге ниеті бар жандар көп", -деді М. Елеусізов.

Веложарыс таңертеңгі сағат 10.00-де "Орбита" ықшамауданындағы "Байқоңыр" кинотеатрынан басталып, "Орбита" - Торайғыров - Каблуков - Өтепов - Жароков - Шевченко - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшелері арқылы өтеді. Жарысқа қатысушылар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда мәреге жетеді.

М. Елеусізовтың айтуынша, бұл - қалада экологтар ұйымдастырып отырған екінші веложарыс. Ол қала басышылығының назарын қалада велосипед жолдарын салу қажеттігіне тағы бір аудару үшін қажет.