Алматыда желтоқсан айында әдеттегіден суық болады

"Орташа ауа температурасы 4 градус суық болады деп күтілуде, бұл Цельсий өлшемі бойынша нормадан 1 градусқа төмен (норма - 3 градус суық)",- деп хабарлайды Гидрометеорологиялық орталықтың директоры Светлана Аманқұлова.

Күн райын болжаушылардың болжауына сүйенсек, желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Алматыда ауаның температурасы түнде 4 - 9 градус суықтан 3 градус суық - 2 градус жылылық аралығында, ал күндіз 0 - 5 градус суықтан 3 - 8 градус жылы аралығында болады. Онкүндіктің аяғына қарай ауа температурасы түнде 10 - 20 градусқа дейін, ал күндіз 5 - 10 градусқа дейін суытады.

Екінші онкүндікте күн біраз жылынып, ауаның температурасы түнде 7 - 12 градус суық, күндіз 0 - 5 градус жылы болады.

Үшінші онкүндіктің басында тағы да біраз жылынып, түнде 7 - 12 градустан 2 - 7 градус суық, күндіз 0 - 5 градустан 5 - 10 градус жылы болады. Одан кейін қайта суытып, түнде 5 - 10, түнде 0 - 5 градус суық болады.

Синоптиктердің болжауына сүйенсек, "қар көлемі нормаға жуық болады (норма 0 мм)".

Бірінші және үшінші онкүндіктерде, сондай-ақ екінші онкүндіктің басында аздап қар жауып, тұман түседі. Бірінші және үшінші онкүндіктің ортасында көк тайғақ болуы мүмкін. Шығыс бағытында соққан желдің жылдамдығы секундына 3 - 8 метрге дейін күшейіп, үшінші онкүндіктің аяғында батыс бағытында соққан жел секундына 9 - 14 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Алматыда желтоқсан айындағы ең жоғарғы ауа температурасы 1989 жылы 19 градус нөлден жоғары болып тіркелген, ал ең төменгі температура - 1952 жылы - 32 градус суық болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті