Апат жексенбі күні таңертең Фурманов және Сәтпаев атындағы көшелердің қиылысында болған. Мекеме ақпаратына сәйкес, жеңіл автокөліктің жүргізушісі автобуспен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автобуста отырған 17-43 жас аралығындағы 13 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.