Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 21-сәуірде 7 сағат 56 минутта Әуезов ауданында Сайын мен Маречка көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірі А701MAN "Ниссан-Максима" көлігі мен мемлекеттік нөмірі А610HRN № 106 бағдарлық автобусы соғылды, деген хабар келіп түскен.
Апат салдарынан жеңіл көліктің 24 жасар жүргізушісі "жедел жәрдем" келгенше оқиға болған жерде көз жұмған. Автобустың екі жолаушысы жарақат алып, № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті