Алматыда «Жеңіс эстафетасы» жастар патриоттық акциясы басталды

Акцияны ҚР Президенті Н.Назарбаев жариялаған «Еске алу вахтасы» жалпыұлттық акциясы аясында Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.

 «Біз тарихи оқиғаларға жастардың назарын аударуға және қызығушылығын арттыруға, патриотизмді нығайтуға, әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған бірқатар шараларды жоспарладық», - деді басқарма басшысы Маркен Ахметов.

Оның айтуынша, «Жеңіс эстафтасы» бұл - кешенді іс-шаралар, онда «Батырлар біздің арамызда» деген атаумен әлеуметтік бейнероликтер түсіру көзделген, сол арқылы Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова сиқты Ұлы Отан соғысының қаһарман батырларын, сондай-ақ қалың жұртшылыққа белгісіз болып келген ержүрек отандастарымызды көрсету.

 «Сонымен қатар, қазіргі стрит-арт суретшілердің соғыс тақырыбына көрмесін өткізу, «Ізгі істер эстафетасы» ауқымында жоғары оқу орындары студенттерінің соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасаған игілікті істерін басқа жоғары оқу орындарына тарату жоспарлануда», - деді М.Ахметов.

Ол қазірде Ұлы Отан осғысы ардагерлері үшін сall-орталық  (2-70-1945 нөмірімен) құрылғанын жеткізді. Шұғыл желі тестілік режимде жұмысын бастады.


 «Сall-орталық мақсаттарының бірі - ардагерлерді қолдауға мүдделі ұйымдармен және жеке адамдармен ынтымақтастық үшін жағдай жасау. Сонымен бірге, орталық жастар ұйымдарымен және Алматы қаласы ардагерлер кеңесімен тұрақты диалогты жолға қояды», - деді басқарма жетекшісі.