Сатып алушыларына күмән келтірмеуүшін жер телімдерінің картасын тіпті жалған мөр мен құжаттарды да әзірлепті. Алаяқтың арбауына 2 мыңдай адам түскен. Олардың әрқайсысы жердің соттығын 5 мыңнан – 25 мың долларға дейін сатып алған. Артынан еш алаңсыз құрылысты бастаған азаматтар жердің заңсыз екенін біліпті. Алаяқтың өзі арам ақшаға жеке кәсібін дөңгелеткен. Енді сол жиған-тергені түгел тәркіленіп, өзі кемі 15 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.
Қанат Таймерденов, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары:
-Даданованың меншігінде үлкен үй бар. Жинаған ақшасына кішігірім керпіш зауытын ашқан. Екі қабатты «ПСК Ақжар» деген мекеме салып тастаған. Алданғандардың қалған ақшасы қайда кеткенін қазір анықтап жатырмыз.