Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 14 қарашада 19 сағат 14 минутта Сайын және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында "НефтеТрансСтрой" ЖШС-нің жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 600 мм-лік су таратқышқа ақау келді.
"Соның салдарынан 1,2, 3 Таугүл ықшамаудандарының, Жандосов - Навои, Жандосов - Яссауи, Навои - Рысқұлбеков көшелерінің тұрғындары суық сусыз қалды", - деп хабарлайды "Құтқару қызметіндегілер".
Қалпына келтіру жұмыстарын "НефтеТрансСтрой" ЖШС топтары жүргізді. Барлық үйлерге бүгін су жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті