Алматыда жер сілкінді

Бұл туралы  Caravan.kz медиа-порталы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай шамамен 140 шақырым қашықта - Қырғызстан аумағында жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 10,9, ал магнитудасы 5,1.

Жерасты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.