Алматыда жер сілкінді

Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.

Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай шамамен 291 шақырым қашықта - Қытай аумағында жердің 5 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 12,8, ал магнитудасы 4,9.

Жерасты дүмпуі Алматыда 2-3 балл болып сезілген.