Алматыда жер сілкінді

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 11:22-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,2, MPV магнитудасы - 6,1", - делінген хабарламада.

Алматыда 5 балл сезілді.