Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті афтершок болды

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 14:36-да тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. MPV магнитудасы - 5,3", - делінген хабарламада.

 Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.