Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Бұл мәліметті «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратып отыр.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 571 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық күші - 11.0, магнитудасы MPV 5.0.


Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.