Алматыда жер сілкінісінің салдары тексерілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсмологиялық бақылаулардың ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі Алматыда және облыс аумағында 2 балл шамасында сезілген жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.

"Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Қирандылардың бар-жоғы және тіршілікке қажетті нысандардың жұмысы бойынша мониторинг жүргізілді. Қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқаны хабарланған еді.

Еске салайық, 1 мамырда Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты Алматы облысында, Кеген ауылы мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінгенінхабарлаған еді. Қырғыз сейсмологтарының дерегінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 08:19-да болған.