Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден өтпек болған, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.
Volkswagen Sharan автокөлігі Райымбек батыр даңғылының бойымен батысқа қарай бағыт алған. Розыбакиев көшесіне қиылыста көпірдің астынан шыққан жерде ер адам жолды кесіп өтпек болады. Жүргізуші аяқ астынан шыққан жаяу жүргіншіні байқамай, қағып кетті.
Жаяу жүргінші жарақат салдарынан медициналық жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Ер адамның кім екені белгісіз. Өйткені, жанында ешқандай құжаты болмапты.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.