Алматыда жетімдерге арналған жастар үйі ашылды

120 пәтер-секцияға есептелген жаңа бес қабатты ғимарат қалалық бюджет қаржысының есебінен бой көтерді. Бұл нысан жетімдер үйінде тәлім-тәрбие алған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған аса күрделі проблеманы жартылай болса да шешуді көздейді .

Жастар үйі 2000-жылы "Бөбек" қорының басқаруымен салынған Жастық сарайының аумағында орналасқан. Ол 23 жасқа дейінгі 100 жетімді әлеуметтік бейімдеуге және олардың тұруына арналған. Ал осы жолғы Жастар үйінде әлеуметтік қорғаудан мұқтаж 20-29 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер тұратын болады.
И.Тасмағамбетовтың айтуынша, жастарды қамқорлыққа алу - Елбасының республика халқына арнаған жыл сайыны жолдауында жарияланған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болмақ.