Алматыда жезөкшелердің ұясына айналған қонақ үй мен пәтерлер жабылып жатыр

Бұл қыздар толымсыз теңге мен болымсыз қажеттілік үшін тәндерін саудалап әлек. Бүгінде оларға баратын еркектің де нөпірі толастар емес. Үш ай бұрын жезөкшелердің қызметі үшін ғимарат беруге тыйым салатын заң шықса да оған пысқырып жатқан ешкім жоқ. Беттерін камерадан бүркемелегенмен пұл ұстап енген еркек үшін жайылып жастық, төселіп төсек болатын жезөкшелер бұл.

-Түрім жаман болып тұр, косметикам жоқ. Жаңа ұялы телефонға түсіріп алды.

Тәртіп сақшылары қыздардың бәрін желкелеп әкетті. Жезөкшелердің жұмысы үшін арнайы тұрақжай бергендер қатты қысылды бүгін. Өйткені бұл жер жабылды. Адамнан айла қалғанба, шағын үй салған мына әйел жезөкшелерге пана, кейбіріне ана екен...

-Не істеп жүрсің мұнда?

–Мамаммен тұрам.

- Туған қызым бұл.

Туған қызым дегендерінің тірлігі мынау, бөлмелері шашылып жатыр. Қылықты қыздардың қажеттіліктерімен емес, жезөкшенің жарақтары толы мұнда. Ұлы сөзде ұят жоқ, мүшеқаптар бір қапшық. Қызылордадан келдім деген қызыл көйлекті мына қыз ұялып әрі қарады, 8 ай бопты осы кәсіппен айналысқанына.

-Дәрігерге  барып қаралып тұрасызба?

–Ия.

 -Қашан бардыңыз

-1 жарым апта бұрын.

-Таза болып шықтыңыз ба?

– Жарайсың сыйлаймын мұндай қыздарды.

Тәртіп сақшысы сыйлағанмен көршілердің құтын қашырған бұлар. Осылайша бір күнде бірнеше жын ойнақтың жұмысы тоқтады, жабылды. Енді сот орындаушының рұқсатынсыз ешкімде аша алмайды есіктерін. Полицейлер бұл мекендерге рейд жасап бұрын да келген. Бірақ мұндағы қыздардың қызметі тоқтамапты.