Алматыда жігіттер кептеліс кезінде жолдың ортасында би биледі

Ролик Инстаграмдағы zhest_kz парақшасында жарияланған. Жолда билеген жігітті кептелісте тұрған көлік жүргізушісі түсіріп алыпты. Биші жігіттер лимузиннен секіріп түсіп, өнерлерін паш ете бастаған.

Би 10 секундтай уақытқа созылған. Олардың әрекеттерін сигнал берген лимузин жүргізушісі бұзады. Мемлекеттік тіркеудегі нөмір таққан көліктегі жігіттердің оқиғасы Алматыда болған.

Жолдың ортасына шығып алып би билеген жігіттерді сынаған да, қолдаған да адамдар жетерлік.