Тілсіз жау туралы хабарлама түскі 12:00-де түскен. Өрт сөндірушілер жалынды 12:54-те ауыздықтап үлгерді.
Алдын ала есептеулер бойынша, жалын жиһаз цехы шатырының 400-450 шаршы метр аумағын зақымдаған.
Төтенше жағдайға күрделіліктің 1 деңгейі берілді.