Алматыда жиырмаға тарта отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

14 сотық жер мен мына кішігірім үй бар болғаны 13 миллион теңгеге бағаланыпты. Осы баспанада тұратын 4 балалы отбасының бұндай өтемақымен келіскісі жоқ.

Бибігүл Мұқанова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Өзіміз адам жалдап бағалап едік, олар бізді 31 миллионға бағалады. Біздің ағаштарымыз бағаны көтеріп тұр. Сот сенбейді, мүмкін емес дейді. Алдындағы акиматтың адамы ештеңеге қарамайды, үйіңіздің ремонтына да қарамайды.

Аумағы тура сондай, бірақ қос үй орналасқан жер телімі үшін әкімдік қазіргі бағаммен 34 мың доллар төлеуге дайын екен. Осы қаржыға Алматыдан үй іздеп көрген Нұргүл Максименко ештеңе таппаған. Себебі дау тудырған үйлер төл теңгеміз құлдырамай тұрып бағаланыпты. Берілген қаржыға келіскен тұрғындар бірден жаңа баспанаға көшіп кеткен. Ал кешіккендер девальвация үшін енді жер сипап қалуы мүмкін.

Нұргүл Максименко, Алматы қаласының тұрғыны:

-13 миллиондай берейін деген, енді сол сомаа одан да азайып кетті. Күн сайын курс түсіп жатыр, біз далада қалайын деп тұрмыз. Тура осындай жер мен үй алатындай ақша берсе біз кететін едік. 

Жер қатынастары басқармасында аталған жер жаңа мектеп құрылысы үшін қажет екендігін айтады. Былтырмен салыстырғанда биыл жылжымайтын мүлік екі есеге қымбаттап кеткен. Бірақ заң бойынша шенеуніктер мүлікті қайта бағалау жұмысын жүргізе алмайды екен.


Ерлан Жармұханбетов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бөлім жетекшісі:

Девальвация бойынша, доллардың өсуі бойынша біз өз тарабымыздан ешқандай оценка жасай алмаймыз. Соттың шешімімен біз қайтадан оценка жасасын деп ұйғарса, сонда ғана сол жұмысқа кірісе аламыз.

Егер аудандық сот мемлекет қажеттелігі үшін алынатын үйлерді қайта бағалау қажет емес деп тапса, Трудовик тұрғындарының берілген қаржымен келісуге немесе қалалық соттың табалдырығын тоздыруына тура келеді.

Loading...