Lenovo басшыларының бірі Ермек Жақыпжанов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ермек Жақыпжанов әдеттегідей 9 қазан күні таңертең көлігіне отырып жұмысына кеткен. Алайда сол күйі оралмаған. Байланысқа шықпан соң жақындары дабыл қағып, іздеу салады. Кәсіпкерді іздеуге еріктілер де қосылады.
Бір тәуліктен соң Алматы облыстық департаменті Іле ауданы Өтеген батыр ауылынң шетінде 42 жастағы кәсіпкердің өлі денесін тапқанын мәлімдеді.
Кәсіпкерді өлтірген 24 жастағы азамат ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қандай себеппен бұл қадамға барғаны анықталып жатыр.
«Ермек 42 жаста еді. Өмірді қатты жақсы көретін, басқаларға қарағанда уақыты аз екенін түсінгендей, бәрін істеуге асықты. Оны Фейсбуктағы соңғы жазбасынан байқауға болады. Ол сондай-ақ 18 жыл бірге өмір сүрген әйелін, екі ұлы үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жүретін еді. Ол нұр шашқан адам еді. Бірақ біреудің лас қолы бұл нұрды сөндірді», - деп жазды журналист Алексей Алексеев.
Талғардағы 16 жасар Шерзат Болаттың өлімі де халықтың қабырғасын қайыстырды. Ол бір сыраның ақысын төлемеген қаскқйлердің қолынан мерт болды. Анасының көз алдында бозбаланы пышақтап кетті.
Бұл деген біздің елде әділдіктің жоқтығын көрсетеді. Адамның, не Құдайдың қарғысынан қорықпағандардың тірлігі.
«Менің ойымша заңға өзгеріс енгізу керек. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды мүлде алып тастау керек. 18 жылға сотталды ма, отырсын 18 жыл. Мысалы Денис Тенді өлтіргендер 18 жылға сотталған. Алайда қазір олар 5 жылын өтеп алып, шартты түрде босатуды талап етіп отыр. Бұл жолы судья олардың өтінішін қанағаттандырмады. Дегенмен бұл соңғысы емес. Біреудің өмірін қасақана қиған адам міндетті түрде түрмеде отыруы керек», - деді журналист.