Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы бала өлі күйінде табылды


22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған. Оны өгей анасы уақытша жалға алып отырған екен. Алдын-ала деректер бойынша, бала тұншықтырылған, сондай-ақ, бірнеше пышақ жарақаты салынған. Ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті баланың денесін жалға алынған үйдің жертөлесінде орап қалдырған.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушыдан бөлек, тағы төрт адам ұсталды. Олар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Олар Алматы шекарасынан шығып қашып кетпекші болған. Алмалы аудандық полиция басқармасы баланың өлімін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасын тағайындады. Ұсталғандар қамауға алынды. Зерттеу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.