"Ол табылды, кеше түнгі екіде оны таптық. Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірге Алматыдағы ойын клубтарының бәрін шарлап шығып, бірінде ойнап отырғанын анықтадық", - деді Гүлбану Қосылбекова.
Әйелдің айтуынша, ұлы қымбат фотоаппаратты ломбардқа өткізіп, ақшасын оңды-солды шашқан. Ал, ақша таусылған соң қаңғыбасқа айналыпты. Біреудің киімін киіп, көшеде тамақ сұрап жеген. Кейін достары ақша жинап беріпті. Ол ақшаға компьютер ойнаған.
"Үлкен өтініш, бізге құмар ойыннан емдейтін психолог-мамандар қажет. Ойынға деген тәуелділіктен қалай емделетінімізді білмей отырмын", - дейді Гүлбану Қосылбекова.
Айта кетейік, 22 жастағы Қанапия Қосылбеков 16 қазан күні жоғалып кеткен болатын. Онымен бірге қымбат Canon фотоаппарат та жоғалған. Қанапия отбасындағы жалғыз ұл. Анасы оны 12 күн бойы іздеді.