Бұл үйде жалғызбасты ана 2 ұлымен тұрыпты. Ал жарылыс орын алған сәтте іште тек 31 жастағы жігіт болған. Гайморитпен ауратын ол газды ашық қалдырып, иісін сезбесе керек. Құтқарушылар ауыр жараланған жігітті үйіндінің астынан алып шықты. Жарылыстың қатты болғаны сонша, көрші үйге де айтарлықтай зақым келген. Үсті опырылып, қабырғалары құлап жатыр. Қас-қағым сәтте жиған тергені мен баспанасынан айырылғандар қазір туыстарын жағалап кетті.