Алматыда жойқын желден 7 автокөлікке нұқсан келіп, 14 адам жапа шеккен


Сондай-ақ дүлей дауыл 7 автокөлікті қиратқан. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады. 

Апат салдарын жоюға 350 коммуналдық техника мен 800 қызметкер жұмылдырылды. Қазір қала көшелері толығымен тазартылды.

Алматы қаласы бойынша барлығы 52 ағаш құлаған. Жалпы қалалық жолда орналасқан 11 кәрі ағаш құлап, электр желісіне, жол қозғалысына едәуір нұқсан келтірген. Ал опырылған 41 ағаш аула ішіндегі қозғалысты шектеп, 7 көлікке зақым келтірген. 

Басқарма басшылығы хабарлағандай, Алматыда 2010-2014 жылдары жүзеге асырылған көгалдандыру бағдарламасы дауылдан келген апат жағдайының санын азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2012 жылы қардың қалың түсуіне байланысты Алматыда 2 232 ағаш пен 18 783 ірі бұтақ сынып, көше қозғалысына көп кедергі келтірген болатын. 

«Жасыл желек» қорын жасарту масқатында 35 мың кәрі ағаш оталып, орнынан 150 мыңға жуық жас шыбық отырғызылды. 

2014 жылы 28 921 ағаш, биыл жыл басынан бері 18 015 көшет отырғызылды.