Портал редакциясының хабарлауынша, жол апаты сәрсенбіге қараған түні Тәтібеков пен Бестужев көшелерінің қиылысында болған.
«Біз «Ауди» мен «Фольксваген» соқтығысқан жерге бардық. Біздің операторымыз бен «Рейдер» бағдарламасының операторы апат болған жрді түсіріп жатқан болатын. Сол сәтте оларды «Мерседес» көліәгі қағып кетті. Біздің қызметкердің екі аяғына да гипс салынды. «Рейдердің» операторы ауруханаға өзі барды. Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін екеуі де үйлеріне жіберілді», - дейді редакциядағылар.
Полицейлер аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырып, мән-жайды тексеруге кірісті.