Алматыда жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты

Мекеме ақпаратына сәйкес, 27 қазан күні 22 сағат 50 минутта "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі "БМВ" көлігімен соқтығысты.

"Апат салдарынан 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тауып, тағы 4 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", -деп хабарлайды ТЖМ.

"Фольксваген" және "БМВ" көліктерінің жүргізушілерінің аты-жөны анықталған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті