Алматыда жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 30-тамызда қаланың Түріксіб ауданында, Іле тас жолында болған. "Вантай" автокөлігінің жүргізушісі "Ауди" автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "Аудиде" отырған тағы төрт жолаушы, соның ішінде екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті