Апат өткен жұмада Тілендиев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерде таңертең "Мерседес" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен алты жолаушы түрлі жарақаттармен қала ауруханаларына жатқызылды.