Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 20 қазанда Сүйінбай және Баянауыл көшелерінің қиылысында "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі 42 жастағы жігітті қағып кету салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.
Сонымен бірге, Алмалы ауданында 20 қазанда "Тайота" автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, соның салдарынан ол жедел жәрдем көрсетуші топ келгенше көз жұмды.
Ал келесі күні "Тайота" автокөлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай, бөгетке соғылды. Апат салдарынан "Тайота" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті