Алматыда жол апатынан 6 бала зардап шекті


Салдарынан 6 бала ауруханаға жатқызылды. Жол апаты Қарасу шағынауданында болған. 
«Көлікте 13 бала болған. Олардың ішінде 6-уы түрлі жарақаттармен №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева. 
Оқиғаға байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бүгін түскі 15:00-де баспасөз мәслихатын өткізбек.