Алматыда жол апатынан алты адам зардап шекті

Жол апаты қаладағы солтүстік айналма жолда болған. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, екі автобус (біреуі № 85 бағыт бойынша, екіншісі - Алматы мен Капшағай арасында қатынайтын) пен "Дэу Нексия" көлігі соғысқан. "Апат салдарынан алты адам, соның ішінде төртеуі облыстық ауруханаға, екеуі жетінші ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді", - деп хабарлайды мекеме. Зардап шеккендердің арасында балалар жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті