Алматыда жол апатынан алты адам жараланды



Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты 3-шілдеде Әл-Фараби және Водозаборная көшелерінің қиылысында болған. Түнгі 1 сағат 05 минутта «Тойота», «Тойота РАВ-4» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан үш автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.