Алматыда жол апатынан балалар зардап шекті

Бұл туралы "Sputnik Қазақстан" агенттігіне оқиға куәгерлері хабарлаған.

Көлік апаты Рысқұлов даңғылы бойынжа Қайрат шағын ауданына жақын жерде болған. Mercedes-Benz Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатады, ал ВАЗ-2114 – батыс бағытта.

Mercedes жүргізушісі айналасын бағамдамастан көлікті кері бұрмақ болады да, нәтижесінде ВАЗ көлігінің қарсы алдына бір-ақ шығады.  Қатты соққыдан екі көліктің де күл-талқаны шыққан.

Жол апатынан ВАЗ көлігінің жолаушысы мен Mercedes көлігінде отырған әйел адам мен екі бала зардап шекті. Төртеуі де ауруханаға жатқызылды.