Жол апаты бүгін, 19-қыркүйекте түнгі сағат 2-де болды. Саин және Маречек көшелерінің қиылысында "Хонда", "Мерседес" және "БМВ" автокөліктері соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан 20-25 жастар шамасындағы бір қыз қаза тапты. Оның аты-жөні әзірге анықталмай отыр. Сондай-ақ, "Хонда" мен "Мерседестің" жүргізушілері мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.